31.01.2018, 17:13
Оқылды: 45

Жаңақалада былтыр 462 жұмыс орны ашылған  

Бұл жайлы бүгін Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин аудан тұрғындары алдында есеп бергенде айтты. Жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Аудандағы жұмыспен қамту мекемелеріне 1451 адам жолығып, ақылы қоғамдық жұмысқа 448 адам тартылып, оларға 45 млн. 306 мың теңге қаражат төленген. Жыл ішінде әлеуметтік салаға барлығы 140 млн. теңге қаржы төленді.

-Аудан бойынша 462 жаңа жұмыс орындары ашылған. 134 адам жұмыссыздар санатына енгізіліп, жұмыссыздық деңгейі 0,9 пайызды құрап отыр,-дейді аудан әкімі.

zhaikpress.kz

Сурет Айбатыр Нұраштікі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале