30.05.2023, 11:30
Оқылды: 15

Жаңақалада "Күмбір күй" байқауы басталды

Ұлттық саз өнерінің қайталанбас тұлғасы, Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл толуына орай Жаңақала мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен "Күмбір күй" атты аудандық жас домбырашылар байқауы өтуде.

IMG-20230530-WA0134

Салтанатты түрде ашылған байқаудың мақсаты аудан көлеміндегі дарынды, талантты жас күйшілерді анықтап, кәсіби қолдау көрсету.

IMG-20230530-WA0137

Жас күйшілер байқауы екі кезеңнен тұрады. Байқауға 10 мен 13 жас аралығындағы 18 өнерпаз қатысып жатыр.

Аруғаным Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале