24.06.2022, 20:30
Оқылды: 31

Жаңақалада шағын футболдан жарыс басталды

Бүгін полиция қызметкерлері күні қарсаңында Жаңақала аудандық спорт кешенінің ұйымдастыруымен тартысқа толы шағын футбол өтуде.

InShot_20220623_203850604

Жарысқа спортты жанына серік еткен мықтылар қатысуда. Жарыстың ашылу салтанатына аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы Жанболат Абайұлы, аудандық спорт кешенінің директоры Жанболат Гумаров қатысты.
Кейін Қазақстан Республикасының көк туы желбіреп, әнұраны шырқалды. Дүбірге толы додаға аудандық полиция бөлімі, ҚР ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, "Батыс сервис плюс" ЖШС, аудандық аурухана, ТЖБ және 16 өрт сөндіру бөлімі, мәдени демалыс орталығы және аудандық спорт кешені командалары қатысуда. Тартысты бәйгенің нәтижесін аудандық газеттің алдағы санынан оқи аласыз.

Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале