23.02.2024, 0:00
Оқылды: 11

Жаңақалада "Жастар! Жігер! Еңбек!" облыстық жастар форумы өтті

Бүгін талай алып пен дүлдүлдердің мекеніне айналған Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Жастар! Жігер! Еңбек!” атты облыстық мотивациялық жастар форумы өтті.

image-22-02-24-11-40

Жиын басталмас бұрын “Алыптар алаңы” ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылып, Қали Жантілеуов атындағы аудандық музыка мектебінің оқытушылары домбырадан күмбірлете күй төкті.

image-22-02-24-11-40-3

Спикерлер арнайы дайындаған кітап және сурет, сондай-ақ грант иегерлерінің жеке туындылары мен қоян өсіру кәсібі жөнінде көрмелерге шолу жасады.

image-22-02-24-11-40-2

Жиын әрмен қарай көрермен залында ұласып, алғашқы сөз кезегі аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевқа беріліп, жиылған жас өспірімдер мен беделді тұлғаларға құттықтау лебізін жеткізді. Ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Теректі аудандық «Теректі жаңалығы» газетінің бас редакторы, «Тау баласы» және «Біз Дендерденбіз» жыр жинақтарының авторы Әділет Әлібекұлы тізгінді алып, спикерлермен таныстық жұмыстарын жүргізіп, еркін форматта сөйлеуді ұсынды. Тәуелсіз еліміздің жайсаң жастарына үлкендік ақылы мен өмірлік кеңестерін ұсыну мақсатында шақырылған қонақтар сахна төрінен табылып, жиылған жастар тарапынан қойылған ұтымды ойлар мен мағыналы сұрақтарына жауап берді. Түйткілді сауалдар мен қызықты тақырыпта сөз қозғаған жеткіншектер арасынан үздік үштікке қаржылай сыйлық табыс етілді.

image-22-02-24-11-40-4

“Ассамблея жастары” РБҚ-нің БҚО өкілдігі төрағасы, “Respublica” партиясының БҚО-дағы өкілі Дулат Нұрланұлы сөз алып, көрме барысында ерекше көзге түскен кәсіп иесі Айдана Жаналиеваға (қоян өсіру кәсібі) 50.000 теңге қаржылай сыйлық табыс етті.

Кеш соңында Мерей Жұмашев “Атамекен” әнін орындап, әрі қарай шара спикерлері сессиялық отырыстар жүргізді. Бүгінгі жиыннан соң озық идеялармен қаруланып, рухани байып шыққан жастардың алдыңғы буын ағаларының ізін жалғап, өмірде өз орнын табатынына сеніміміз мол.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале