12.06.2020, 10:54
Оқылды: 184

Жаңақалалық 12 тоғызқұмалақшы І дәрежедегі спортшы атанды

Жаңақала ауданындағы тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі, аға жаттықтырушы Қайрат Шаутенов редакциямызға аяқтай келіп, қос бірдей ақжолтай жаңалығымен бөлісті.

Togyzkumalak

Жаңақалалық 12 тоғызқұмалақшы Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 9 маусымдағы №265 бұйрығына сәйкес І дәрежедегі спортшы атанды.

Sport

Осымен Қайрат Маратұлының 150-ге жуық шәкірті І дәрежедегі спортшы атанып, 16 шәкірті спорт шеберлігіне үміткер болып үлгерген. Жуырда тоғызқұмалақтан Бөрлі ауданы облыстық онлайн жарысын ұйымдастырған болатын. Сол жарыстан жерлесіміз Нұрберген Түсіпқали жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Аудан намысын облыстық, республикалық жарыстарда абыройлы қорғап жүрген тоғызқұмалақшылардан әлі де толағай табыстар күтеміз.

Жанайдар Болатбек,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале