22.12.2022, 21:18
Оқылды: 50

Жаңақалалық әкім жастармен кездесті

Бүгін Жаңақала колледжінде жастардың аудан әкімімен еркін форматтағы кездесуі өтті. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен өткен шараға аудан әкімі Дархан Закарин, «Ассамблея жастары» Республикалық жастар қозғалысының Батыс Қазақстан облысындағы өкілділігі төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Дулат Мақатов, «Рашидов» шаруа қожалығының басшысы Азат Рашидов және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Саясат Жарасов қатысты.

IMG_5262
Алғашқы сөз Дархан Әмірханұлына берілді. Одан әрі меймандар сөз алып, өздерін таныстыра отырып, жалынды жастарға біраз сыр шертті. Шара барысында сөйлеймін деушілерге еркін микрофон ұсынылды. Ауданның атын асқақтатуға үлесін қосып жүрген жастарымыз марапат төрінен көрінді. Нақтырақ айтсақ, ASIAN CUP - 2022 (АЗИЯ кубогі) бәсекесінің қола медаль иегері Нұрсана Шакрикова және оның жаттықтырушысы Жалғас Неғметов, «Жас барыс» республикалық чемпионатының жеңімпазы Айбатыр Миразат және оның жаттықтырушысы Мәди Арыстанғалиев, Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Ауыл алаңынан – олимпиада тұғырына» атты ауылдағы спорт нұсқаушыларының І республикалық форумында Қазақстан Республикасының «Үздік нұсқаушысы» аталымына ие болған Қолқанат Серіков, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақ бөлімінің жаттықтырушысы Қайрат Шәутенов, Қарағанды университетінің базасында ХV Президенттік олимпиаданың үшінші республикалық кезеңінде «Дарын» сертификатымен марапатталған Санжар Тұраров, «WorldSkills Kazakhstan» республикалық кезеңіне қатысып, сертификат еншілеген Оралхан Жарасов, дін саласында атқарған еңбегі үшін Алтынбек Болатов, БҚО Бәйтерек ауданы, Асан ауылында өткен волейболдан қыздар арасында ашық турнирге жеңімпаз шәкірттер дайындаған Армат Маратов және қоғамдық, қайырымдылық іс-шараларының белсенді қатысушылары Дулат Мақатов, Азат Рашидов, Саясат Жарасов алғысхатқа ие болды.

IMG_5275

Жиын соңында жастарымыз аудан басшысы Дархан Закаринмен, сондай-ақ қонақтармен жыл селфиіне түсті.

Райхан Амантайқызы,
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале