15.05.2024, 21:30
Оқылды: 14

Жаңақалалық палуан тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

Бүгін Алматы қаласында 55 келі салмақ дәрежесінде қазақ күресінен ересектер арасынан ҚР кубогы өтті. Бірнеше спорт шеберлері, әлем чемпиондары, Азия кубогының жеңімпаздары белдескен сайыста 42 палуанның ішінен жаңақалалық, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Айбатыр Миразат жауырыны жерге тимей, 1-орынға ие болды.

5

Өмірде де, спортта та қанатын қатайтып баптаған әкесі Айбек Ишановтың та еңбегін ескермеске болмайды. Елінің мерейін үстем еткен Айбатырға толағай табыс тілейміз.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале