31.01.2018, 17:12
Оқылды: 52

Жаңақалалық шаруалар 407,7 млн. теңгеге субсидия алған

Бұл жайлы бүгін Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин аудан тұрғындары алдында есеп бергенде айтты. Жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Өткен жылы Жаңақала ауданының бюджетіне кәсіпкерлік саласынан 96 млн. теңге салық түскен.

Былтыр жаңақалалықтар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017– 2021 жылдарға арналған» және «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламалары бойынша «Жаңақала  несие», «КазАгроҚаржы»  несиелендіру қорлары арқылы 819,9 млн. теңге несие алған. Бір жылда мал басы артқан.  2017 жылы ауыл шаруашылық саласында өндірілген өнім 8 млрд. 448 млн. теңгені құраған.

- Ауданда асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын 29 шаруашылықтар бар. Олар Еділбай қойын, Көшім жылқысын, қазақтың ақбас, қырдың қызыл сиыры мен герефорд, ангус тұқымды ірі қара мал өсіруде. Бұл бағытта шаруалар 407,7 млн. теңгеге субсидия алды.

Ауданда 535 мүшесі бар 14 ауылдық өндірістік кооператив жұмыс жасауда. Олар 2017 жылы 416 млн. теңге несие алса, 32 млн. теңге субсидия төленді. Аудан бойынша 268 қыстақта мал қыстауда,-дейді баяндамасында аудан әкімі.

Өткен жылы облыс әкімі Алтай Көлгінов Жаңақала ауданына жұмыс сапары кезінде каналдардағы су реттегіш қақпалардың тозығы жеткенін көріп, тапсырма берген болатын. Биыл Қызылоба ауылы аумағындағы Төртқұлақ, Қарасу лимандарына су жіберетін қақпаларды күрделі жөндеуге 4 млн. 464 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттары жасақталып, қажетті 63 млн. теңгенің бюджеттік өтінімі облыстық басқармаларға жолданған.

zhaikpress.kz

Сурет Айбатыр Нұраштікі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале