16.04.2024, 22:52
Оқылды: 44

Жәнібек ауданы әкімі бірлігі жарасқан тұрғындармен жүздесті

Әкімдік қайда қарап отыр немесе әкімдік мәселені неге шешпей жатыр сынды сауалдарды ұната бермейтін Жәнібек ауданының Тау ауылдық округіне қарасты Жұмаев елдімекен тұрғындарының бірлігі өте жақсы жарасқан десек қателеспейміз. Себебі 110 тұрғыны бар, 20 отбасы тұратын мекенде ауылға қатысты мәселелерді қолдан келгенше өздері шешіп тастайды. Тіпті ауылдан көшпей, жаңа тұрғын үйлердің де құрылысын жүргізіп жатыр.

FB_IMG_1713285461348

Жер аяғы кеңейіп, елдімекен тұрғындарының хал-жағдайын білу мақсатында аудан әкімі Тимур Шиниязов пен аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимов аталған елді мекенге барып, тұрғындармен кездесті. Елдімекен тұрғындары ауа райы жылып, қар тез ери бастағанда үйлерді су басады деген үрейлерін жасырмады. «Аллаға шүкір, тілсіз жау ауылымызды айналып өтті»,- деп шүкіршілік айтып, көкейдегі мәселелеріне көшті. Басты мәселе кіреберіс 4 шақырым жолға асфальт жабынын төсеп беруді өтінді. Көктем-күз мезгілінде екі ортаға қатынау қиындық тудырып отыр.

- Ауылдардың жолдарына қатқыл табанды жол немесе тротуарлар салу жоспарда бар. Одан бөлек елдімекенге бір әлеуметтік нысан салып бергіміз келеді. Өздеріңіз білесіздер, мектеп ғимараты санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмей отыр. Сол себепті жаңа ғимарат салынады. Сонымен қатар медпункт те жөндеуді қажет етуде, - деді аудан басшысы.

FB_IMG_1713285463969

Жұмаев елдімекенінің тұрғыны, көп балалы ана Шолпан Қадырғалиева жақында жолдасынан айырылып, оған қоса мүгедек бала асырап отырған жан ретінде мал басын көбейту үшін жер сұрады. Ауылдан көшкілері келмейтіндерін, осы ауылды көркейткісі келетіндері тағы бар. Тимур Серікұлы көпбалалы ананың сөзін құптап, бос жерлердің бар-жоғын анықтайтынын жеткізді. Сонымен қатар аталған елдімекенде кооператив құрылып, осы жерде тұрып жатқанның барлығы сол кооперативке қосылатын болса, жер, техника мәселесі біраз жеңілдей түсетіндігін айтты. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы да түсіндірілді.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале