18.01.2024, 23:30
Оқылды: 24

Жәнібек ауданы екі жыл жеңіс тұғырында

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен облыстық ұлттық спорт федерациясының ұйымдастыруымен аударыспақтан ересектер арасында Орал қаласының ашық лигасы өткен болатын.

FB_IMG_1705589821547

Аударыспақ лигасы командалық түрде, айналмалы жүйеде болды. Яғни әр команда бір-бірімен кездесіп, өзара сынға түседі. Әдеттегідей бұл додада жәнібектіктердің қанжығасы майланды. Топтық есепте алға шығып, жеңіс тұғырынан көрінген жәнібектіктер былтыр да дәл осындай жеңіспен сүйіншілеген еді. Биыл да бабында екенін көрсеткен олар аудан абыройын асқақтатты. Атап айтсақ, төрт апта бойы болған лигада Нұрсұлтан Абуов, Оралхан Ғаббасов, Бейбіт Аронов, Бекзат Мұсаев, Асуан Құсайынов, Бекарыс Бейбітұлы, Рүстем Қойбағаров пен Алдияр Айдынғалиев қарсылас топтарға есе жібермей, өз жігерлерін дәлелдеді. Жарыс жарнасын төлеуге жәрдемдескен аудандық ат спорты федерациясының төрағасы Арсен Кенжеәлиев пен атымтай жомарт Нұрболат Шагиров екенін айта кеткен жөн.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале