31.12.2023, 19:34
Оқылды: 52

Жәнібек ауданы: Жақсыбайдағы ФАП жаңа ғимаратқа көшті

Жаңа жыл қарсаңында, ауа райының қолайсыздығына қарамастан Жәнібек ауданына қарасты Жақсыбай ауылдық округінде фельдшерлік-акушерлік пункт жаңа ғимаратқа көшіп, ауыл тұрғындары қуанып жатыр.

IMG_20231231_140253_165

Ел Президенті Қ.Тоқаев 2022 жылғы халыққа арнаған Жолдауында ауылдық жердегі денсаулық нысандарының құрылысын салуды, халықтың денсаулығын жақсартуды тапсырған болатын. Аталған тапсырма аясында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында Жақсыбай ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт жаңа ғимаратқа көшті. Құрылыс жұмыстарын «Альтаир-СК-07» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.

Жақсыбайлықтарды жаңа жылмен құттықтап, сонымен қатар жаңа ФАП-тың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов пен аудандық орталықтандырылған аурухананың бас дәрігері Сәуле Ысмағұлова келді.

IMG-20231231-WA0034

- Қайырлы күн, құрметті жерлестер! Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқтала келді. Ұсақ-түйек жұмыстар қалды. Дегенмен, сіздерді құттықтаймын. Биыл облыс бюджетінің есебінен төрт жедел жәрдем автокөлігі сатып алынған болса, соның біреуі Жақсыбай ауылының акушерлік пунктіне берілді. Ауыл тұрғындарына қызмет етуге дайын. Жақсыбайлықтар қуаныштарың құтты болсын! - деді Жақсылық Каримоллаұлы.

IMG_20231231_140239_698

«Алдымен баршаңызды жаңа жылмен құттықтаймын. Жаңа жылда жаңа бақыт әкелсін. Дендерің сау болсын. Бүгін мінекей, көптен күткен арманымыз орындалып, медициналық нысан ашылып жатыр. Бәрі де оңынан болсын. Қуанышымызбен!»- деді ауыл тұрғыны Хамидолла Мекетаев.

IMG-20231231-WA0035

Райымбек Шапағат,

      Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале