8.05.2021, 19:04
Оқылды: 86

Жәнібек ауданында мектеп оқушыларына арналып экскурсия ұйымдастырылды

Бүгін Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Тәуелсіздік бабалар аманаты» атты мектеп оқушыларына арналған аудандық маршруттық экскурсия өтті.

IMG-20210508-WA0025

Шарада ұйымдастырушылар өскелең ұрпаққа соғыс жылдарының жаңғырығы болған ескерткіштерді таныстырды. Сондай-ақ ел үшін от кешкен боздақтардың рухына арнап гүл шоқтары қойылды.

Экскурсияға шыққандар «Темір жол», «Су мұнарасы», «Бауырластар зираты», «Батырлар аллеясы», «Қаһарман аудан», «Балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» бұрынғы «Госпиталь» және аудандық мұражайға барды.

Оқушылармен бірге экскурсияға аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Амангелді Уәлиев бастаған ардагер ұстаздар да қатысты. Оқушыларға кезінде от шарпыған  әр ғимараттың тарихы таныстырылы.

Шараға қатысқан ардагерлер ұйымдастырушыларға алғыс айтып, келешек ұрпақтың тамыры терең тарихқа деген қызығушылықтарын арттыратын осындай шаралар көбейсе деген тілегін білдірді. Жалпы бүгінге дейін қырыққа жуық оқушы экскурсияға шыққан. Аталмыш шара алдағы уақытта да жалғасын табады.

Бақытжан Серіков,
Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале