5.08.2020, 0:46
Оқылды: 101

Жәнібек ауданындағы құмай жүгеріге киіктер құмар

Талов ауылдық округіндегі «Құбаш» шаруа қожалығы 180 гектар жерге құмай жүгері егуде. Егістік егу дәстүрі үзіліп қалған өлке үшін бұл жаңалық маңызды болып отыр. Тау ауылында арпа және тары еккен соңғы агроқұрылымның тұяқ серпігеніне бірнеше жыл болды. Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Ғали Есқалиевқа құмайшық егуді құп алған шаруашылық өкілі Елдос Тушкеев бастаманы жүзеге асыру жайын әңгімеледі.

39FE23C2-E29C-4D83-ADED-52FE461A1D88

«Іргемізге тиіп тұрған Ресей шекарасының ар жағындағы агроқұрылымдар егістік алқабынан мол өнім алып жатыр. Ауылда бұрын агроном қызметін атқарған маман кеңесіне құлақ асып отырмын. Осы алқаптан 1800 рулон шөп алуды жоспарлап отырмыз», – деді шаруа. «Құбаш» қожалығы 2004 жылы құрылған. Жер көлемі – 1269 гектар. Қазіргі уақытта 289 мүйізді ірі қара бағып отыр.

169933FB-58DD-40FB-887E-CDE02A32BAEF

– Қожалық иесі Ресейден құмайшық дәнін алып келіп, даладағы алқапқа екті. Құмайшықты суарып тұрудың қажеті жоқ. Тамыры тереңге кетеді. Аудан жерінің географиялық ерекшелігіне өте қолайлы. Бір жылдық шөптің шығымдылығы жақсы. Одан сүрленген мал азығын дайындап, жем орнына кәдеге асыруға болады. Қожалық үшін алғашқы тәжірибе болып отыр, – деді Жәнібек аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімнің басшысы Арман Искаков.

4AD17117-BBE7-4E80-AC82-2D5BC17EF426

Бір қызығы иен даланы жайлаған киіктер құмайшыққа қойып кетуге құмартып жүр. Сондықтан қожалық егістік алқабын тәулік бойы қызғыштай қорып отыр. Бұған дейін де Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандарының шаруалары облыс басшысына шабындық пен жайылымды қаптаған киік тұяғы жапырып, жарамсыз қылып жатқанын айтқан еді. Облыс әкімі осыған байланысты Үкімет алдына мәселе көтергенін, егер жаңа жоба қолдау тапса, оңтүстіктегі үш аудан жерінде киіктерге арналған резерват құру қолға алынатынын айтты.

Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале