24.01.2017, 16:29
Оқылды: 18

Жәнібекте 11 ұрлық ашылған

Janibek jil kortindisi talkilandi  Бұл туралы Жәнібек аудандық соты өткізген брифингте айтылды. Брифингте аудандық соттың төрағасы Айвар Бижанов қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерге сай 2016 жылдың қорытындысын баяндады.


  Ауданда өткен жылғы қылмыстық істердің дені ұрлық, соның ішінде мал ұрлау деректері жиі. Мәселен, былтыр 31 қылмыстық іс аяқталса, соның 11-і ұрлыққа қатысты болып саналады. Сондай-ақ өткен жылы 173 азаматтық іс аяқталса, оның 8-і медиация арқылы қысқартылып, 34 іс оңайлатылған өндіріс арқылы қаралған. Азаматтық істердің 33-і неке бұзу бойынша болса, соның ішінде 20-ның некесі бұзылып, 6-уы ерлі-зайыптылардың өтінішіне сәйкес қараусыз қалдырылып, үшеуі медиация арқылы татуласқан. Ал төртеуінің арыздары кері қайтарылған.

  Сол сияқты азаматтық істе бұйрық арқылы 69 сот бұйрығы шығарылса, оның ішінде дені көлік салығы мен алимент өндіру болып табылады. Аудандық сотқа өткен жылы түскен істердің ішінде биыл қалдыққа қалған істер жоқ.

                                                                                           Н.Өтей

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале