27.09.2023, 23:07
Оқылды: 29

Жәнібекте 565 оқушыға материалдық көмек берілді

Жәнібек ауданы әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев төрағалық етті. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.

FB_IMG_1695825259920

Алғашқы мәселе бойынша сөз алған аудандық балалар саз мектебінің директоры Жақсылық Бисенғалиев кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді пайдалануы мақсатында ұйымдастырылған үйірмелердің жұмысы туралы айтып берді. Баяндамашының айтуы бойынша, саз мектебінде 134 оқушы тәрбиеленуде. Ол оқушылардың облыстық, республикалық байқауларда алған жетістіктеріне тоқталды. Өз кезегінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізудің қорытындысы, қиын жағдайға душар болған, мемлекеттің көмегіне мұқтаж балалардың мектепке баруы туралы аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Айжан Испенбетова хабарлама оқып, атқарылған жұмыстар жөнінде комиссия мүшелеріне есеп берді. Жиын барысында Айжан Хамитқызы аудан бойынша 565 оқушыға мемлекет тарапынан қырық мың бес жүз алпыс жеті теңгеден көмек көрсетілгенін жеткізді. Сонымен қатар Борсы, Жақсыбай ауылдық округі бойынша кәмелетке толмағандарға төнген қауіпті анықтау, алдын алу, жағдайы төмен, қолайсыз отбасылардағы кәмелетке толмағандармен жұмыс жөнінде М.Ықсанов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің директоры Мейірбек Сарнаулов пен Ғ.Қараш атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнагүл Меңдешова баяндама жасап, іс-шараларды слайд арқылы көрсетті.

Жиын барысында қозғалған өзекті тақырыптар төңірегінде комиссия мүшелері пікір алмасып, ойларын айтып, ұсыныстар тасталды.

Лаура Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале