19.06.2020, 11:46
Оқылды: 87

Жәнібекте асық ату алаңы салынуда

Жәнібек ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен ұлттық спорт пен өнерді дамыту мақсатында аудан орталығындағы М.Ықсанов пен Қ.Мусин көшелерінің қиылысында асық ату алаңы салынуда.

B4A5C240-26DF-44D3-B23E-CDF6198A8262

Жәнібек ауылдық округінің әкімі Абзал Қаратаевтың айтуынша, алаңның құрылыс жұмыстарын ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар және ауылдық округ жұмысшылары бірлесіп атқаруда. Алдағы уақытта асық ату алаңының жанынан балалардың ойын алаңқайы да жасақталатын болады.

292FE55E-3A86-4BE5-9C48-29285E098DB4

Жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі Азамат Сафималиев алаңда атқарылған жұмыстарды көріп, нақты ұсыныстарын білдірді. Құрылыс жұмыстары шілде айының ортасында аяқталады деп күтілуде.

Г.Мәди,

Жәнібек ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале