24.01.2018, 12:25
Оқылды: 40

Жәнібекте былтыр 660 адам тұрақты жұмысқа орналасты

1ec5fb7c182096d0928f1a242a37c22bЖәнібек ауданы бойынша биыл 514 мүгедек есепте тұр. Оларға  мемлекет тарапынан көрсетілетін түрлі көмек беріліп, арнаулы құрал-жабдықтармен қамтылуда.

Өткен жылы әртүрлі санаттағы 893 адамға 27 миллион 950 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілсе, қайырымдылық айлығында 706 адамға 3 миллион 506 мың теңге жәрдем берілді. Сол сияқты «Өрлеу» бағдарламасына сәйкес 135 адамға 6 миллион 414 мың теңге қаржылай көмек беріліп, сол қаражат есебінен олар мал және мал азығын сатып алды.

Аудандағы жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға 1200 адам жолығып, өткен жылы 660 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Сонымен бірге аудан бойынша 565 жаңа жұмыс орындары ашылған.

                                                                                                     Н.Өтей

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале