25.12.2023, 19:00
Оқылды: 27

Жәнібекте көпбалалы анаға «Күміс алқа» табысталды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімі Тимур Шиниязов Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 27 қарашадағы №401 жарлығына сәйкес көпбалалы ана, күйгенкөлдік Айзада Елеуоваға «Күміс алқа» алқасы мен куәлігін табыстады. 

FB_IMG_1703503351674

Қабылдауда аудан басшысы Тимур Серікұлы өз лебізін айтып, алтын құрсақты анаға ауданымыздың, жалпы еліміздің демографиялық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін алғысын білдірді.

Аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Садирова мен аналар кеңесінің мүшесі Гүлзина Ғұсманова да тілекке қосылып, алты бала тәрбиелеп отырған анаға мол бақыт, қажырлы күш-қуат, отбасы амандығын тіледі.

FB_IMG_1703503341542

Өз кезегінде «Күміс алқа» иегері Айзада Жолмұханқызы осындай сый-құрмет көрсетіп жатқан мемлекет басшысы мен аудан әкіміне алғысын айтты. Киелі шаңырақтың шаттығы мен берекесін келтіріп отырған аналардың қоғамдағы орны қашан да бөлек.

Айсұлу Жұмабай,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале