24.10.2023, 17:37
Оқылды: 27

Жәнібекте «Мейірбандық күндері» жалғасып жатыр

 

Қайырымдылық айлығы аясында Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев мұқтаж адамдарға қолдау мен қамқорлық көрсетуге, жалғыз басты қариялар мен мүгедектердің қоғаммен етене араласуына бағытталған шараларға орай Орал қаласындағы, Жалпақтал және Казталов ауылындағы қарттар мен мүгедектігі бар жандарға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мекемелеріндегі жерлестерімізбен жүздесті.

FB_IMG_1698116092901

 Кездесу барысында жерлестерімізге арналған аудан әкімінің құттықтауын жеткізіп, аудан өнерпаздарының мерекелік концерті ұсынылды.

Қызмет алушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Жыл сайынғы дәстүрге айналған кездесуде ауданда болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер туралы әңгіме айтылып, қызмет алушылар ортақ таныстары мен туған-туыстарының хал-жағдайын сұрасты.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале