5.03.2021, 16:51
Оқылды: 50

Жәнібекте сегіз оқушы есепте тұр

Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.

ес1

Жиында ішкі істер бөлімінде және мектепішілік есепте тұрған кәмелетке толмағандармен жүргізіліп жатырған жұмыстар мен оларды үйірмелер, секцияларға тарту қызметі туралы аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина баяндады.

Баяндамашының айтуынша ауданда ішкі істер бөлімінде 8 оқушы есепте тұр. Әрқайсысының тәртібіне тоқталған бөлім басшысы олардың мектептегі бүгінгі жетістіктерін де айтты. Балалар бақылауда болып, олармен жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова дінге сенетін, діни бірлестіктердің мүшелері болып табылатын отбасыларда кәмелетке толмағандар құқықтарының сақталуына тоқталды.

ес2

Сондай-ақ М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің директоры Берік Ихсанов колледждегі кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстардың алдын алу, жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттермен жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы айтып берді.

 

Ә.Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале