30.06.2022, 16:16
Оқылды: 46

Жәнібекте төрт көшеге асфальт төселді

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Жәнібек ауданы орталығындағы төрт көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, соның екеуі пайдаланымға берілді. Бұл туралы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиев мәлімдеді.

IMG-20220630-WA0077 (1)

Оның айтуынша, шойын жолдың арғы бетіндегі Р.Егізбаев атындағы көшенің күрделі жөңдеу жұмыстары келісімшарт бойынша былтыр басталды. Қатқыл табанды жолды салуға «РСУ-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мұрындық болған. Құрылыс монтаждау жұмыстарының құны 200 млн 476 мың теңгені құрады. Автомобиль жолының ұзындығы 1820 метр, ені 7 метрді құраса, асфальт жабыны бір қабаттан тұрады екен. Сол сияқты, Қ.Мусин атындағы көшеге асфальтті «Жайық Сити» ЖШС-і төседі. Жұмыс құны 99 млн. 651 мың теңгені құрады. Келісім шарт бойынша жұмыстар 2021-2022 жылдарға қарастырылған. Жолдың ұзындығы 1094 метр, жол төсемінің ені 7 метрді құраған. Асфальт жабыны бір қабаттан тұрады.

IMG-20220630-WA0081

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале