12.09.2024, 23:00
Оқылды: 123

Жәнібекте «Жедел жәрдем» көліктері табысталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау жүйесін жандандыру, медицина саласындағы өзекті мәселелерді шешуге аса мән береді. Соның бірі ауыл тұрғындарының игілігі үшін медициналық мекемелерге жана «жедел жәрдем» автокөліктерінің қолданысқа берілуі. «Ұлт саулығы – қоғам тұрақтылығының кепілі» демекші бүгін аудандық аурухана ғимаратының алдында «жедел жәрдем» көліктерін салтанатты түрде табыстау шарасы өтті.

image-12-09-24-05-27

Салтанатты шарада сөз алған аудан басшысы Тимур Шиниязов: «Еліміздің басты құндылығы адам, ал ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру мемлекет дамуының басты мақсаты екендігін ескерсек, бұл бағытта көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Жаңадан келген «жедел жәрдем» автокөліктері ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, жедел емдеу шараларын көрсетуге үлес қосады. Бұл ігілікті іс мемлекет тарапынан лайықты қолдау тауып, өз кезегімен жалғасын табады», - деп Талов, Борсы, Тау, Ақоба, Ұзынкөл ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункттеріне «жедел жәрдем» автокөліктерінің кілттерін табыстады.

image-12-09-24-05-27-6

Шарада «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев құттықтау сөз сөйледі.
- Қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірінің сақшылары ақ халатты абзал жандарға ерен еңбек, атқарған істері әрқашанда халықтың көңілінен шығып алғысына бөлене берулеріне тілектеспін. Ауданымызда жасалып жатқан игі істеріміз жалғасын таба берсін, қуанышты күндеріміз көп болсын! – деп ақ батасын берді.

image-12-09-24-05-27-1
Салтанатты шарада аудандық демалыс орталығының қызметкері Баймағанбет Ажығалиев әннен шашу шашты.
Айта кету керек, жаңа «жедел жәрдем» көліктеріне 97 млн 845 мың теңге қаржы бөлінген.

image-12-09-24-05-27-2

Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале