11.04.2022, 12:00
Оқылды: 59

Жәнібектегі көше тойы

Көктемнің шуақты күнінде Жәнібек ауданының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жәнібектіктер көше тойын өткізуді қолға алды.

IMG-20220411-WA0007

Жуырда Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен аудан орталығындағы «Алтын сақа» алаңы маңындағы А. Иманов, Қ. Мусин, М. Ықсанов көшесінің тұрғындары көше тойын өткізді. Алаңға жиналған тұрғындар қазақи нақышта киініп, ұлттық тағамдар пісіріп, дастархан жайды.

IMG-20220411-WA0008

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев келіп, бірлігі жарасқан көше тұрғындарын құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді. Аталмыш шарада көршілер домбырамен ән шырқап,өнерлерін ортаға салды. Алаңға қойылған ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі көпшіліктің көңілінен шықты. Таза ауада тойды тамашалаған үлкендер мен балалар мәз болып рухани демалды.

IMG-20220411-WA0006

Сондай-ақ шарада ұлттық ойындар ұйымдастырылып, көршілер бір-бірімен сынға түстіп, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілді. Думанды шарада көршілер бір-бірінің татулықтарын көрсетіп, көпке үлгі болды.

Әсемгүл Әбділда,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале