23.10.2021, 13:28
Оқылды: 68

Жәнібектегі жәрмеңке

Бүгін Жәнібек ауданы орталығындағы «Әлем» базарында ауыл шаруашылығының алғашқы жәрмеңкесі   өтті.

23

Кәсіпкерлер азық-түліктерді тұтынушыларға көлікпен тікелей әкеліп ұсынып жатты. Әсіресе, пияз бен картопты саудалаушылардың қатары көп болды.  Пияз 100 теңге, картоп 220 теңге, уақ картоп 120, сәбіз 200 теңге, қырыққабатты 200 теңге, алма 300 теңгеден ұсынды.

Сондай-ақ Жәнібек ауылынан 3 ірі қара, Ақоба ауылынан 1 ірі қара  әкелініп, келісі 1800 теңгеден сатылды.

24

Тау ауылдық окургінен сүт өнімдері 20 келі сары май (келісі 5мың теңге), 5л қаймақ (келісі 2000 тг), 20 келі ірімшік(келісі 1000 тг), 10 келі құрт (келісі 1500 теңге) сатылды.

-  Жәрмеңкеге келген аудан тұрғындарының қарасы көп. Сағат 9-да бастаған жәрмеңкемізді, қазір түске таман ғана аяқтаудамыз, -дейді Жәнібек аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Рүстам Аманғалиев.

Ә.Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале