15.02.2024, 22:00
Оқылды: 9

Жәнібектік теннисшілер жеңіс тұғырында

Таяуда үстел теннисінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері бақ сынап, керемет нәтижеге қол жеткізді.

428164965_944313007698374_4994630687269803634_n

Жарыс қорытындысында командалық есепте 2007 жылы туған және одан кіші ұлдар арасында II орынды алды. 2007 жылы туған және одан кіші қыздар арасында да ІІ орын иеленді. 2005 жылы дүниеге келген және одан кіші ұлдар арасында Жәнібек командасы жүлделі 3-орынға ие болды. Ал жекелей есепте 2009 жылы туған және одан кіші ұлдар арасында Даниял Жұматов екінші орыннан көрінді. 2007 жылы туған және одан кіші ұлдар арасында Юсуф Азимов үшінші орынды місе тұтты. 2007 жылы туған және одан кіші қыздар арасында Әлия Меркен де үшінші орынды қанағат етті. Жас теннисшілерді Айдос Нұрбаев жаттықтырып келеді. Одан бөлек аталған чемпионатта Даниял Жұматов спорт шеберіне үміткер атағын орындап, оған куәлігі табысталды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале