17.04.2024, 22:36
Оқылды: 43

Жәнібектік түлек чемпион атанды 

Футзалдан он тоғыз жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Айтулы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан жастар нағыз ойын үлгісін көрсетіп, жарысты қыздырған. Ең мықты сегіз құрама футзал алаңында малмаңдай терге малшынып, өзара тартысты.

IMG-20240417-WA0029

Үш айналымды қамтыған жарыста өңір намысын қорғаған топтың ақтық кезеңге шығуы оңай болмаған. Чемпионат финалында Рудный қаласының «Аят» командасымен жүздескен «Бәйтерек» академиясының U19 тобы жеңіс туын желбіретті. Чемпион атанған топтың ішінде Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Дәулет Ахмулдин бар.

InShot_20240417_222649938

Жеңіске үлес қосқан спортшымыз мақтануға да, мақтауға да лайықты!

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале