15.02.2024, 19:00
Оқылды: 18

Жәнібектіктер кәсібін дөңгелетуде

Соңғы уақытта Жәнібек ауданы тұрғындары кез келген кәсіп түрін ашып, аудан дамуына өз үлестерін қосып келеді. Бір бөлігі мемлекет тарапынан берілетін гранттарға, жобаларға және «Ауыл аманаты» бағдарламасына жүгінсе, енді бір бөлігі жиған қаражатының арқасында кәсібін дөңгелетіп әкетті.

427939459_944971447632530_2447363208520202263_n

Ауыл жұртшылығының еңбек сүйгіштігіне, тырмысқан әрекетіне қарап ішің жылиды.

Бөкей ордасы ауданынан қоныс аударған Нұржан Меңдешев күні кеше құс шаруашылығын қолға алды. Бұл кәсіпке бет бұрғанына да көп болмаса да, жан-жақты зерттеп үлгерген. Ол өзінің ақшасына жүз бөдене алған. Қаладан келгенше ұзақ жолға шыдамаған он шақты бөдене өліп қалған. Сонымен қатар балапан басып шығаратын инкубатор мен әзірге бір қап жемін ала келген. Мұны естіген аудан әкімі Тимур Шиниязов, орынбасары Мирболат Бисенов пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев құс шаруашылығына құлшынған кәсіп иесінің шаңырағына барды. Т.Әбдірахманов көшесінің тұрғынымен пікір алмасқан аудан басшысы Тимур Серікұлы бастамасына сүйсініп, сәттілік тіледі. Алдағы уақытта бұл кәсіпті өркендеткісі келсе, қолдаудан аянып қалмасын жеткізді.

427909135_944971474299194_3258774317685892927_n

- Бөдене алмас бұрын құс шаруашылығы туралы біраз оқып алдым. Бірден бастап кету оңай емес қой. Содан соң досымның көмегімен белді бекем буып, іске кірістім. Кәсібімді кеңейткім келеді, - деген Нұржан Меңдешев өзінің жоспарларын айтты.

427892029_944971360965872_8009970404478678103_n

Досы Меңдіғали Жайлаубаев еңбекқор замандасына қолынан келгенше жәрдем беріп, ақыл-кеңестерін айтып қолдап келеді. Достан жолы болған жан болашақта екі мың бөдене алғысы келеді. Балабақша, сауда дүкендерімен келісімшарт жасап, адам денсаулығына пайдалы бөдене жұмыртқасымен барша жәнібектікті қамтығысы келетін арманы тағы бар.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале