31.03.2024, 15:30
Оқылды: 42

Жәнібектіктер үстел теннисінен топ жарды

Ақжайық ауданында Еңбек және тыл ардагері Ғайнижамал Әжіғалиеваны еске алуға арналған үстел теннисінен 2010 жылы өмірге келген және одан кіші жастағы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында облыстық турнир өткен болатын.

88

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен өткен турнирдің нәтижесіне қарап, бөркімізді аспанға атуға әбден болады. Нақтырақ айтсақ, жәнібектік Юсуф Азимов жүлделі 1-орынды қанжығаға байласа, Бексұлтан Ғаллем күміс жүлдені еншіледі. Жас жүйріктерді топқа қосып, баптай білген жетекшісі Айдос Нұрбаевтың еңбегін айта кеткен жөн!

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале