31.03.2021, 17:46
Оқылды: 118

Жарайсың, Қолқанат!

Жаңақала ауданында ұлттық спорт түрлерін, соның ішінде ат спортының дамуына айрықша үлес қосып, тынбай еңбек етіп жүрген азаматтың бірі һәм бірегейі – Қолқанат Серіков. Халық Қолқанаттан көп үміт күтеді. 31 наурыз күні көне шаһар Тараздан Жаңақала атырабына ақжолтай хабар жетті. Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының ат спорты нұсқаушысы, жерлесіміз  Қолқанат Тұрарбекұлы Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында аударыспақтан 74 келі салмақ дәрежесінде қарcыластарынан басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Айта кетсек, ол бұл жарыста Батыс Қазақстан облысының құрамасы сапында өнер көрсетті.

C825BDA1-AF14-4E8E-B60E-4B76ED3BBE08

Қолқанаттың алар асуы, шығар шыңы әлі алда. Жеткен жетістігі де бір төбе. Осы орайда Қолқанат бауырымызды кезекті жеңісімен қуана құттықтап, ісіне береке, жұмысына табыс тілейміз.

Алтынбек Ермекқалитегі,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале