18.08.2022, 13:00
Оқылды: 61

Жарайсың, Заманбек!

Балалар жылы аясында ҚР конституциясы күні қарсаңында С.Датұлының 280 жылдығы мен Кеңес одағының батырлары  М.Мәметова және Х.Доспанованың 100 жылдығына арналған "Тартынбай сөйлер асылмын" атты облыстық оқушылар айтысы өтті. Аталмыш сөз додасына Орал қаласынан бөлек Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Ақжайық, Теректі аудандарынан жас таланттар қатысты. Көпшілік әлі де "орыстанған" деп айдар таққан Бөрлі де бұл айтыстан тысқары қалмады. Айтыстың аламанына алғаш рет бала ақын Заманбек Оразкелдиев шықты.

24

Аудан намысын қорғаған бала ақынның ұстазы, көпшілікке белгілі айтыс ақыны Жаркынбек Шынтаев:

- Заманбектің бұл алғашқы айтысы, алғашқы сахнасы. Бұның өзі үлкен жетістік. Себебі «әп» дегеннен облыстық сахнаға шықты. Бұны бір жағынан мен жақсылыққа баладым. «Баласы атқа мінсе, тақым қысар қазақпыз ғой, қалай болар екен деп іштей қобалжумен болдым. Дегенмен шәкіртімнің алғашқы шабысы жаман емес. Әлі де шыңдалады, төселеді дегендей... Заманбектің қарсыласы Оралдық Әлішер Сүндетов деген осыған дейін де айтысқа шығып жүрген жас ақын болды.

25

Алғашқы қадамына белгілі ақын аға-апалары да батасын беріп жатты. Бос қайтпадық шәкіртім Жаңылай Меңдіғалиева атындағы арнайы жүлде мен Сырым еліндегі Жүрсін Ерман атындағы айтыс мектебінің арнайы сыйлығын алды,- дейді ұстазы Жарқынбек қуанышпен.

Біз де Заманбектің талабына, жүлдесіне шын қуандық. Алдағы уақытта тек сәттілік серік болсын дейміз!

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале