3.05.2021, 11:56
Оқылды: 68

Жарастың жүйріктері алдыңғы қатарда

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Орал қаласында жүгіру спортын серік еткендер арасында жарыс өтті.

881ABD7F-EE8F-4CF2-A140-4A47C49C3156

Орал қалалық спорт бөлімінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған желаяқтар бәсекесінің қорытындысында бұрымды жүйріктер сынында екі бірдей бәйтеректік спортшы үздіктер қатарында болды.

Олар: ІІІ орын иеленген Ляззат Төлепбергенова және жарыс жеңімпазы атанған Наталья Панова. Январцев ауылында білікті бапкер Жарас Айтуаровтың қол астында жаттығатын спортшылар осыған дейін де жақсы нәтижелерімен аудан жанкүйерлерін талай қуантқан.

35CA74F8-6A24-415B-989F-EA4E9D164342

Бұдан бөлек, спортшылардың бапкері Жарас Айтуаров та жарыс жолына шықты. 10 шақырымға жүгірген ол жеңіс тұғырының екінші сатысына жайғасты.

A1D5B0D7-523A-4686-A1FB-C95A0CF66766

Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлерін қалалық спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев марапаттады.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале