13.03.2020, 18:02
Оқылды: 544

Жарқын істерімен үлгі болған Шежін

Қазіргі таңда өздеріңіз байқап жүргендеріңіздей, қай ауылды алсаңыз да алға жылжу бар. Тасқала ауданында да тазалығы мен әсемдігі жағынан өзгеге үлгі тұтарлықтай ауылдар жоқ емес.  Солардың бірі де бірегейі – II Шежін ауылы.  

чижа4

Алдымен ауылға келген адамдар сол жердегі ғимараттардың сыртқы көрінісі мен тазалығына мән беретіні ақиқат. Содан кейін барып ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігіне ойысады. Қазір бұл ауылда округ әкімдігінің ғимараты да жөнделіп жатыр.

– Ақпан айының соңғы күндері округ әкімдігі ғимаратын жөндеуді бастап кеттік. Бұйырса бір айдың шамасында аяқталмақ. Ішкі жұмыстарды бітірген соң ғимараттың сыртына шығамиыз, – дейді «Саламат» ЖК өкілі Бауыржан Имашев.

чижа3

– Ауылды қысқы қалдықтардан тазартуды да қолға алдық. Әр үйден  шығарылатын бір машина түрлі қоқыс бағасы 4500 теңгені құрайды. Аталмыш шаруаға тартылған екі жүк көлігі бір апарғанда 15 тонна шығарады. Тұрғындар қазір кезекке тұрып жатыр. Егер осы қарқыннан таймасақ, екі-үш күнде ауылды тазалап бітіреміз деген жоспар бар, – дейді шаруаны үйлестіруші Мирбол Меңдешов.

Ал енді ауылдық округ әкімі Алғадай Жамбылұлының айтуынша, ағымдағы жылы жиырма және қырық жылдық мектеп түлектерінің ауылға деген жанашырлығы айрықша болмақ екен. Нұртай Жұмашев пен Орынбасар Өтешов секілді азаматтардың да елге ықыласы ерекше көрінеді. Осынау демеушілердің арқасында ауылға кіреберістегі «Жеңіс» алаңы жаңартылып жатырса, орталықтағы тас жолға да демеушілердің көмегімен жасанды жол кедергілері жасалмақ. Сонымен қатар биылғы жылы мектеп бітіргендеріне отыз жыл толатын ауыл түлектері саябақ ішіне жастарға арналған демалыс орнын жасақтамақ. Ауыл әкімдігі сол жерге «WIFI» желісін таратуды ойластырып отырса, кіреберіске «арка» орнатуда жоспарланып қойыпты. Айта кетелік, аталған жұмыстарға қажетті құрылыс материалдары тасылып алынған.

Темірболат Әнуарұлы 

Тасқала ауданы 

  zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале