23.05.2022, 14:45
Оқылды: 54

Жәрмеңке халықтың игілігіне жарауда

Сенбі күні Тасқала ауданы орталығындағы базарда құс жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда үйрек, қаз балапандары мен тауықтар сатылды. Жәрмеңкедегі баға халыққа қолжетімді болды.

жәрмеңке1

Сонымен қатар жеміс ағаштары мен сәндік гүлдер аталмыш базардан орын тапты. Бірі үйрек пен қаз балапандарын сатып алып жатса, енді бірі ауласына отырғызу үшін жеміс ағаштарын таңдап алып жатты. Бұндай жәрмеңке өткен жылы да аудан орталығында бірнеше рет ұйымдастырылып, халықтың керегіне жараған еді.

жәрмеңке2

Биылда бұл үрдіс жалғасын тауып, ауыл тұрғындары қолжетімді бағамен өздеріне қажеттісін табуда. Осындай жәрмеңке құс шаруашылығын дамытамын дегендер үшін өте қолайлы. Алдағы апталарда да жәрмеңкелер ұйымдастырылып, халыққа ұсынылатын болады.

Өз тілшіміз,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале