19.04.2021, 12:14
Оқылды: 62

Жарыста бәйтеректік желаяқ екінші келді

Жуырда Орал қаласындағы демалыс саябағында желаяқтар жарысы өтті. Облысымыздың Орал және Ақсай қалалары мен аудандарынан және көршілес Атырау облысынан келген атлеттер жарысы тартысты болды.

5F965F48-84B9-4515-98D5-689D86EC29F9

Отыздан астам жүйрік бақ сынаған жарыс жолына бәйтеректік Жарас Айтуаров та шықты.

Он шақырым жолды 35 минут 8 секундта аяқтаған Жарас ІІ орынға табан тіреді. Ол І орын иегері Баубек Ильясовтан 4 секунд қана ұтылды.

EA0F9A9E-3655-4E3D-8A1F-7EB7B9495801

Көктемгі жүгіру сайысының жеңімпазы мен жүлдегерлері БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының волонтерлары мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы ұсынған бағалы сыйлықтарға ие болды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале