12.10.2020, 8:24
Оқылды: 58

Жарыстан ұтқан қаржыны көпбалалы жанұяға берді

"Ақниет" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерді қорғау және көмек көрсету орталығы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Жалпақтал ауылында  діни экстремизмнің алдын алу бағытында мешіт жамағаты және мекеме-кәсіпорындар арасында қайырымдылық шарасы негізінде шағын футболдан жарыс өтті.

2AF8C352-D623-4A64-AF0C-3EB32E570C05

Жалпақтал күніне орай "Айбын" спорт клубының атсалысуымен өткен тартымды жарысқа он команда қатысып, жүлделі бірінші орынды Жалпақтал мешіті жамағаты, екінші орынды Талдықұдық мешіті жамағаты, үшінші орынды Жалпақтал ауруханасы ұжымы командасы өзара бөлісті.

86A63C75-AA43-4A4A-A676-8944E67A2583

Жарыстың жүлдегерлері мен үздік ойыншылары арнайы дипломдармен марапатталып, қайырымдылық айлығына байланысты жарысқа қатысушы спортшылардың өзара келісіміне орай 75 000 теңге жүлде қоры Жалпақтал ауылында тұратын, мүгедек баласы бар, көпбалалы Ж.Нұғымановтың жанұясына табыс етілді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале