30.05.2026, 12:30
Оқылды: 2

Жас балуандар жеңіс тұғырынан көрінді

Мамыр айының 28-29-ы күндері Орал қаласында грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер арасында №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өтті.

image-29-05-26-10-47-1

Аталған жарыста Шыңғырлау ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің грек-рим күресі бөлімінің тәрбиеленушілері жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша 22 келі салмақта Жақсыбек Оңғарбеков  І орын; 29 келі салмақта Нұрислам Жолдасбаев  І орын; 22 келі салмақта Батыр Төлеген  ІІ орын; 32 келі салмақта Нұрасыл Амангелді  ІІ орын; 32 келі салмақта Бейбарыс Темірболат  ІІІ орын иеленді.

image-29-05-26-10-47

Жас спортшылардың бұл жетістігі — олардың табандылығы мен жаттықтырушы еңбегінің жемісі. Балуандарды жарысқа дайындаған жаттықтырушы —  Манас Темирбулатов.

С. Өсәлім,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале