19.10.2020, 16:00
Оқылды: 82

Жас кәсіпкер жақсылық жасады

 Қазіргі таңда адамдарға жан жылуын беріп, күтпеген жерден тосын мүмкіндік сыйлауға, жақсылық жасауға асығатын, көмекке мұқтаж ауылдастарына қол ұшын созуға дайын тұратын қайырымды жандардың қатары артып келеді.

Kasipker

Бұл – қуанарлық жағдай. Жуырда Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, "Мейірбандық күндері" қайырымдылық айлығы аясында "Sparta Barbershop" шаштараз салонының иесі, жас кәсіпкер Әлихан Тұрсынғалиев көпбалалы отбасындағы бүлдіршіндердің шаштарын тегін қиып берді.

Балақайлармен тез тіл табысып, әрі оларға үйлесімді шаш үлгілері туралы әңгіме өрбіткен жас кәсіпкер қайырымды болуға күн сайын уақыт табуға болатынын өз ісімен дәлелдеді.

                                                                                                      Назым Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале