27.08.2021, 14:02
Оқылды: 125

Жас мамандармен кездесті

Бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев ауданның білім беру саласынадағы жас мамандармен кездесті.

 1630041652540

Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берік Жанболсыновтың айтуынша, биыл Сырым ауданындағы мектептерге 20 жас педагог келген. Бос жұмыс орындарына жарияланған конкурсқа құжат тапсыру аяқталмауына байланысты бұл сан әлі де өсуі мүмкін.

Аудан басшысы Төлеген Төреғалиев жас педагогтарға еңбек жолын бастап, шыңдалу мен маман болып қалыптасу жолында Сырым ауданын таңдағандары үшін алғыс білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.

Кездесуде жас мамандар да сөз алып, ой-пікірлерін, жоба-жоспарларын білдірді.

1630041690187

Сырым ауданы білім беру бөлімінің мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Жәнібек, Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Дана Бахтиярова қатарластарын жастық жігермен, жаңа идеямен ауданның білім сапасын көтеруге шақырды.

Жас мамандардың алдынан шығып жатқан бір мәселе – тұрғын үй. Аудан орталығында баспана құны қымбат. Пәтерлердің бағасы өскен. Қ.Мырзалиев атындағы мектептің биология пәнінің мұғалімі Әсем Қойшина осыны айтты.
Сырым аудандық экономика бөлімінің басшысы Мұса Шалабаев "Дипломмен ауылға!" бағдарламасының негіздерін түсіндірді.

1630041750171

Бағдарлама ауылға еңбек етуге келген маманға 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы және үй сатып алу немесе салу үшін 1500 АЕК шамасында бюджеттік несие ұсынып отыр.

Нұрсұлтан Жәнібек құрылыс компаниясымен келісіп, Сырым ауданынан жас мамандар үшін жаңа тұрғын үй салу туралы ойын білдірді.
Кездесуді жүргізген Сырым орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арман Ғабдықұл сөзінің соңында: "Замандастар! Білімді көтерейік! Сырымды көтерейік!" - деді. Біздіңше, осы сөз Сырымдағы әр мектептің маңдайында, бастысы мұғалімдердің жүрегінде жазулы тұруы керек.

 

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
Суреттерді түсірген: Айжан Амангелдина

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале