19.10.2021, 11:21
Оқылды: 92

Жас отбасыларға арналған семинар өтті

Таяуда аудандық Достық үйінде отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында "Отбасылық қарым-қатынас бүгiн жəне ертең: үйлесiмдiлiк, психологиялық болжам жəне үйлестiру тəжiрибесi" тақырыбында семинар-тренинг ɵттi.

11

Теректi аудандық iшкi саясат бɵлiмiнiң тапсырысымен, "Əйел. Қоғам. Болашақ" қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен, аудандық аналар кеңесiнiң қолдауымен ɵткен семинарда психолог-дефектолог Зердегүл Мүсiрова жас отбасыларға жанұядағы психологиялық ахуалдың балаларға тигiзер әсерін баяндады.

- Отбасының психологиялық ахуалына жұбайлардың жалпы адамдарға және жанұя мүшелеріне, бір-біріне деген қатынастары да әсер етеді. Сәтті отбасының психологиялық ахуалы жұбайлардың мүдде ортақтығымен сипатталады. Ері мен әйелінің әуестігі мен қызығуы бірдей болып келуі тіптен міндетті емес, ең маңыздысы екеуінің де осы мүдделерімен санасып, соларға көңіл қоя білуінде болмақ. Жанұядағы адамгершілікке негізделген қолайлы психологиялық жағдай жұбайлар мен отбасының басқа мүшелерінің өз-өздеріне сену, адамдарға сеніммен қарау, жан тыныштығы сияқты сапалар мен сезімдердің қалыптасуына әсер етіп, еңбек пен оқу әрекетінің нәтижелі болуына көмектеседі. Сондықтан отбасында үйлесімділіктің басым болғаны абзал. Қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың депрессияға түсуі, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері көптеп тіркелуде. Бұндай жағдайлар ата-ана тарапынан баласына қолдау көрсетілмей, мейірімнің жетіспеу себептерінен болып жатады. Балалардың болашағы үшін отбасының татулығын бірінші орынға қойып, балалардың көзінше ерлі-зайыптыларға өз проблемаларын көрсетпеуге кеңес берер едім, - деді Зердегүл Алпысбайқызы.

10

Ɵз тəжiрибесiнде кездескен оқиғалармен бɵлiскен психолог балалардың суицид жасауының себептерiн егжей-тегжейлi түсiндiрiп, маңызды ақпараттармен бɵлiстi.

Семинар соңында қатысушылар топтасып, психолог берген тапсырмаларды орындады. Əке, ана ретiнде ɵз ойларымен бɵлiсiп, бала тəрбиесiне қатысты ɵздерiн толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Шағын мемлекет саналатын отбасы мəселесi талқыланған шараға алтын уақыттарын бɵлiп келген теректiлiк тұрғындарға алғыс айтқан "Əйел. Қоғам. Болашақ" қоғамдық бiрлестiгiнiң тɵрайымы Гүлмира Тɵлегенова жас отбасыларға, қыз-келiншектерге қолдау есебiнде əр сəрсенбi сайын психолог-дефектолог Зердегүл Алпысбайқызымен 14:00-ден 18:00-ге дейiн тегiн кеңес берудi ұйымдастырып жүргенiн жеткiздi.

Камелия Ɵтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале