25.11.2019, 16:18
Оқылды: 106

Жас тілшілер мен ақындар марапатталды

Бауыржан Халиолланың кешінде Қ.Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы мен «Сырым елі» қоғамдық-саяси газеті жариялаған жазушы, журналист Бақтығұл Ойшыбаев атындағы жас тілшілер байқауы және Жәрдем Тілеков атындағы жас ақындар байқауының жүлдегерлері марапатталды.

 syrym marapat (2)

Жас тілшілер арасынан В.И.Шубин атындағы мектептің оқушысы Дильназ Меңдігереева, жас ақындар арасынан Ж.Досмұхамедов атындағы мектептің оқушысы Ақбота Ширмедин оза шауып, бәйге алды. Бас жүлдені жеңіп алған қос аруды Асанәлі Әшімов пен Жүрсін Ерман марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Бақтығұл Ойшыбаевтың атындағы жас тілшілер байқауында І орынды Қ.Мырзалиев атындағы мектептің оқушысы Замир Махмет, ІІ орынды Бұлдырты мектебінің оқушысы Жанерке Матышева, ІІІ орынды Көгеріс мектебінің оқушысы Ақгүл Хайрушева иеленді.

syrym marapat (3)

Жәрдем Тілеков атындағы жас ақындар байқауында жүлделі І орынды Аралтөбе мектебінің оқушысы Нұрым Гумаров, ІІ жүлдені Қ.Мырзалиев атындағы мектептің оқушысы Нұрым Амангелді, ІІІ жүлдені Қособа мектебінің оқушысы Тойдық Талап еншіледі.

Бірінші орын иегерлерін ақын "Құрмет" орденінің иегері, "Дарын" Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Светқали Нұржан марапаттаса, екінші және үшінші жүлделерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері, ақын Жанарбек Әшімжан мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты, "Асыл арна" телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Тазабеков табыс етті.

syrym marapat (1)

Қос байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Бауыржан Халиолланың атынан диплом және бағалы сыйлықтарға қоса сыйақы табысталды.

Жерлес қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығын насихаттаған бәйгеге Сырым елінің тумасы, "Заң" медиа корпорациясының президенті Досымбек Өтеғалиев пен "Рухани жаңғыру" қоғамдық қорының төрағасы Кемелбек Ойшыбаев демеушілік етті. Демеушілерге кеш иесі Бауыржан Халиолла, Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале