19.02.2020, 17:08
Оқылды: 75

Жас туристер жетістігі

Таяуда Орал қаласында «Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде тұңғыш рет шаңғымен спорттық бағдарлаудан жасөспірімдер мен ересектер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты оздырылды.

karatobe turister

Еліміздің үздік спортшылары сынға түскен бұл спорттық додаға Нұр-Сұлтан, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінен келген және Батыс Қазақстан облысынан барлығы 8 жас ерекшелігі бойынша 200-ге жуық спортшы қатысты. Шаңғышылардың ең жасы – 10 жаста болса, ең үлкені – 40-ты еңсерген. Спорттық бағдарлауды насихаттау, жастардың туристік-спорттық дайындығын шыңдауға бағытталған додада облысымыздың намысын қорғаған Қаратөбе ауданы командасының өрендері де өз бақтарын сынады. «Қысқа», «орта», «ұзақ» және «эстафета» деп аталатын төрт қашықтық бойынша өткізілген сайыста жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көріне білді.

 

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале