11.11.2022, 11:00
Оқылды: 49

Жастар арасында үстел теннисінен сайыс өтті

Жуырда Достық ауылдық округінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және "Намыс" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Достық ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен жастар арасында үстел теннисінен аудан біріншілігі өтті.

8

Қызықты әрі тартысты өткен ойын сайысында қыздар арасынан  Г.Сагатдинова жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарды  А.Андамасова мен А.Жадігерова өзара бөлісті. Ерлер арасында А.Булатов чемпион атанса, екінші орын А.Сатыбалдиевке бұйырды. Ал үшінші орын М.Конатаров иеленді. Жарысқа қатысушылар дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

Жанар Кунтаева,

Тасқала ауданы,

Достық ауылдық округінің

 жастармен жұмыс жөніндегі маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале