18.08.2021, 12:12
Оқылды: 62

Жастар Ешкітауда сенбілік ұйымдастырды

Жуырда Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұжымы ауыл маңындағы Ешкітауға барып қайтты. Ондағы мақсат – Тасқала ауданының символы саналатын Ешкітаудың маңын тазалау және реттеу.

 е1

«Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, облысымыз бойынша екінші биік нүкте болып табылатын, теңіз деңгейінен 259 метр биіктікте орналасқан Ешкітау үлкен қорығына ауданымыздың белсенді әрі ерікті жастары барып, сенбілік жасады.

Сонымен қатар Жастар жылы аясында қойылған маңдайшаны жаңартты, бұлақтың көзін ашты. Бұл шараның мақсаты – жастардың патриоттық сезімін оятып, оларды еңбексүйгіштікке баулу. Аталмыш мекеменің басшысы Гүлдана Орынғалиқызы бастаған жастар тобы Ешкітаудың айналасын абаттандырды.

е2

– Тазалық пен ұқыптылық өзіміз үшін жақсы. Елге қонаққа келген адамдарға ұялмай көрсете алатын жер болуы тиіс. Сондықтан әрдайым біздің жіті қадағалауымызда. Сондай-ақ өзге де ауылдастарымызды тау-тастар мен өзен-көлдерге, одан қалса, ағаштар мен бұлақтарға жанашырлықпен қарауға шақырамыз, - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Гүлдана Бирниязова.

 

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале