Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті
16 Қазан 2021

Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті

1991 жылғы түлектер тарту жасады
15 Қазан 2021

1991 жылғы түлектер тарту жасады

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?
15 Қазан 2021

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті
15 Қазан 2021

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті

Өнер фестивалі өтті
15 Қазан 2021

Өнер фестивалі өтті

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті
15 Қазан 2021

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті

1.09.2021, 8:50
Оқылды: 19
Жастар керуені Сырым елінде

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ауыл жастарын қолдауға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты облыстық ақпараттық-насихаттық жастар керуені Сырым ауданында болды.

IMG-20210831-WA0032

Келген қонақтар Сырым ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығында аудан жастарымен жүздесіп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. БҚО жарстармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Әділгерей Зұлхаров, Грэплингтен әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бекзат Жалғасұлы, «Аят» шағын футбол клубының  қақпашысы Салауат Байралиев сынды тәуелсіздіктің жалынды жастары аудан жастарымен сұхбаттасып, пікір алмасты. Артынша, ауданда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еңбек еткен ардагерлермен кездесу өтті.  «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Мүсірбек Айташев пен Қособа орта мектеп-директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сағымбай Бөпениязов тәуелсіздіктің маңыздылығы жөнінде жастармен тілдесіп, сұрақтарына жауап берді. Аталған қос шара да карантиндік талаптарға сай өткізілді.

IMG-20210831-WA0031

Грэплингтен спорт шебері, жас спорты Бекзат Жалғасұлы аудандық дене шынықтыру және спорт кешеніндегі күрес үйірмесінің тәрбиеленушілеріне шеберлік сағатын ұйымдастырып, грэплингтың тәсілдері мен қыр-сырын үйретті.

IMG-20210831-WA0028

Сондай-ақ, қалалық психолог Баян Қонаровна «Жас отбасы және отбасылық құндылықтар» тақырыбында семинар-тренинг жүргізіп, аудандағы жас отбасыларға отбасы мәселелері бойынша кеңес берді. Қазіргі заман телефон мүмкіндіктерін толық пайдалана білуді талап етіп отыр. Осы бағытта Жаһангер Сансызбай телефон камерасымен қалай әдемі туындылар шығаруға болатынын көрсетіп, жас қызығушыларға мобилография курсын өткізді. Ал, Бейбіт Темірбекұлы болса «Бизнес идея таңдау және қаржылық сауаттылық» тақырыбында семинар-тренинг жүргізіп, шағын кәсіп бастағысы келіп жүрген жастарымызға кеңесін беріп, тәжірибесімен бөлісті. Семинар-тренингтер аяқталысымен аудандық «Қайсар» спорт клубында аудан жастары арасында ұлттық ойынымыз асық атудан командалық жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаз командаларға арнайы диплом және сыйлықтар табысталды.

Батырбек Жанболатов,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале