21.04.2022, 19:44
Оқылды: 72

Жастар мәселесіне арналды

Бөрлі ауданында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығында аудандық мекеме басшыларының қабылдауы өтті. Қабылдау барысында жастар мәселелеріне қатысты өз мәселелері, оның ішінде жұмысқа орналасу, өз кәсібін ашу, қайтарымсыз мемлекеттік несиелер, жер кезегін алу, порталға тұру, тұрғын үй мәселесі, "Дипломмен - ауылға" бағдарламасы бойынша толықтай кеңес алды.

WhatsApp Image 2022-04-21 at 20.37.27

Сол жастардың бірі - Махмуд Мамбетияров. Мақсаты - өз кәсібін ашу. Ауыл шаруашылығы бойынша 2005 жылы Ақсай техникалық колледжін аяқтағанымен мамандығы бойынша жұмыс істемеген. «Барлық кеңесшілерді аралап, олардың кеңесі мен ақпаратын алдым. Шарадан кейін бизнес саласы және болашақ жобамды іске асыруға құлшыныс пайда болды. Алдағы уақытта құлпынай өсірумен айналысып, кәсіп бастап көрсем деген ниетім бар», - деді ол.

жжжжастар
– Қазір жасыратыны жоқ, көп жастардың жоспары жоқ. Банкке, қаржы ұйымына барады. Мақсат – қалай да ақшаның көзін табу. Бизнесті бастау бөлек, оны әрі қарай алып кету мүлде бөлек. Сондықтан бұл қате пікір. Кәсіпкер болғысы келетін адамға қойылар талап көп. Егер соның барлығынан өте алса, мықты кәсіпкер болары сөзсіз. Егер талапқа сәйкес құжат дайындаса әрі қарай көмектесуге әр кез дайынбыз, – дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Нұргүл Кубашева.

WhatsApp Image 2022-04-21 at 20.38.57
Айта кетейік, кездесуде қатысушыларға несие алуға арналған бағдарламалар, мемлекеттік гранттарды алу жолдары түсіндірілді. Шара барысында 20-дан аса жастар, жалпы қатысушылар өз сауалдарын қойып, сала мамандарынан жауап алды.

Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале