Облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев Сырым ауданындағы жастар орталығында болып, Жастар жылының қорытындысы және Еріктілер жылы туралы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Нұртілеу Болаттың есебін тыңдады.

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі орталық ауылдық округтерге барып, мекен-жайлық қызмет көрсетіп, соның арқасында бірнеше жас жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылған жастар – 2 409, жеке кәсіппен айнлаысушы жастар – 73, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 147. «Zhas Project» бағдарламасы бойынша 45 жас ұсынылып, 9-ы мақұлданған. Серік Рахметоллаұлы грант ұтып алып, кәсіппен шұғылданып отырған жастармен кездесті.

Ауданда 73 ерікті бар. Өңір басшысының орынбасары еріктілерді ресми есепке алу, олардың санын көбейту, әр түрлі жастағы азаматтарды тарту жөнінде ұсыныс айтты.
ақпарат Сырым ауданынан
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер