6.07.2023, 18:53
Оқылды: 28

Жасың құтты болсын, Астанам!

Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білу керек. Астана – еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз Қазақстан – байтақ еліміздің астанасы. Астана – Еуразияның нағыз географиялық кіндігінде орналасқан. Астана – Қазақстанның жаңа қаласы. Оның шекарасы 710 шаршы шақырым. Тоғыз жолдың торабында, Республика территориясының төрінен орын тепкен.

IMG-20230706-WA0048

Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді. Шетелдік қонақтар оны дүниенің сегізінші кереметіне теңеп «інжу-маржан» деп бағалауда.

Мен қазір жазғы демалысымды жиырма бес жасқа толып отырған елордада өткізіп жатырмын. Мұндағы «Хан Шатыр», «Бәйтерек», «Ақорда»,  «Мәңгілік Ел» монументін, аспанмен таласқан әсем ғимараттарды көрдім. Сонымен қатар ботаникалық бақта серуендеп, Есіл өзенінің жағалауында болдым.

Оқу озатымын, сабақтан қолым қалт еткенде шахмат ойнағанды ұнатамын. Болашақта ел басқаратын президент болсам деп армандаймын.

Жасың құтты болсын, Астанам!

 

Аслан Әбдірахманов,

Федоров №1 ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы

Теректі ауданы

  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале