17.02.2022, 12:10
Оқылды: 71

Жауынгер жүлдесін сарапқа салды 

Осы аптада Сырым ауданындағы «Қайсар» спорт кешенінде ауған соғысының ардагері, жауынгер – интернационалист Мұрат Айдархановтың құрметіне волейболдан аудандық турнир өтті. 

IMG-20220217-WA0016

Округ орталықтарынан келген 9 команданың арасында тартысты ойын өрбіді. Қай ойында да қайрат танытып, бірінші жүлдеге жетпей қоймайтын бұлдыртылық әуедопшылар осы жолы үздік үштікке енгендерін місе тұтты. Ал, Жосалы мен Жымпиты командалары арасында чемпиондық үшін болған финалдық бәсекеде екі тарап та барларын салды. Дегенмен, алғашқы кезеңді жымпитылық волейболшылар жеңіспен аяқтады. Екінші кезеңде Жосалы жедел шабуылды үдетті. Қорғанысқа да қырағы бола бастады. Соның арқасында екінші таймды өз пайдаларына шешті. Қосымша ойында да сол қарқынын жоғалтпаған Жосалы жеңімпаз атанды.

IMG-20220217-WA0019

Шараға Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев, Сырым аудандық мәдениет тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлан Сарсенов, «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев және турнир иесі -жауынгер – интернационалист Мұрат Айдарханов пен қарулас достары құрметті қонақ ретінде қатысты.

Б. Шерім, 

Сырым ауданы

Суреттерді түсірген: 

Жасқанат Есламғалиев

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале