11.10.2021, 15:32
Оқылды: 131

Жазушының жаңа қырын таныды

Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық кітапханасында «Парасат жолы» орталығы мүшелері мен округ кітапханашылары жазушы Роллан Сейсенбаевтың шығармашылығына арналған «Әлемге танымал көрнекті жазушы» атты портреттік кеш өткізді. «Адалдық алаңы» жобасы аясында оздырылған шара Р.Сейсенбаевтың 75 жылдығына арналды.

D6A81314-25C9-4F83-B324-2E80FF1FF0D7

Қазақ әдебиетінің төрінен өзінің қалаулы орнын алған асқар ойлы жазушы  Роллан Сейсенбаевтың өмірі мен шығармашлығын қалың оқырманға таныстыру, ауыл бааларын кітап оқуға баулу мақсатында оздырылған шараға округ әкімдігінің бас маманы М.Құспанов,  мектеп мұғалімдері мен мектеп оқушылары және С.Дергунова, С. Ерекешева сияқты кітапхананың тұрақты оқырмандар қатысты.

625B92DD-C160-44A2-BB6C-6CBF00FA52CF

Әдеби-танымдық кеште Жамбыл ауылының кіапханашысы Ф.Амандаулетова Р.Сейсенбаевтың өмірбаяны туралы тереңнен әңгімелеп берсе, Мичурин ауылы кітапханасының меңгерушісі Н.Айтпағамбетова жазушының шығармашылығына тоқталып, оның жазушылық қыры жайында баяндады. Сондай-ақ Октябрь елді мекенінің кітапханашысы Л.Могила жазушының «День когда рухнул мир» атты шығармасы жайындағы ойымен бөліссе, оқырман С.Дергунова жазушының көркем шығармалары туралы ойларын ортаға салды.

Ешкімге ұқсамайтын стилі және қызықты орамдары мен оқырман көңілінен ойып тұрып орын алған Р.Сейсенбаевтың өмір жолы мен еңбектері жайлы айтылған кеш қонақтары жазушы шығармаларынан жасақталған кітап көрмеге шолу жасап, тың ойларымен бөлісті. шараға келген әр көрермен өзіне қажетті көп дүниямен танысып, білімін толықтыра алды.

-Бүгінгі өткен шара озық ойлы оқырмандарымызға ұнағанына сенімдіміз. Алдағы уақытта да көпшілікке рухани азық болып, алып тұлғаларымыздың өмірі мен еңбегін таныстырар көптеген кештер өткізу жоспарымызда бар,-дейді шара ұйымдастырушысы, Миурин ауылдық кітапхана меңгерушісі Н.Айтпағамбетова.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале