Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Кенесары Нұршиновтың төрағалығымен жұмыс тобының отырысы өтті. Бұл отырыста 13-14 маусым күндері Хан ордасында өтетін "BOKEI ORDA TRAILL" марафонының ұйымдастыру шаралары пысықталды.

Ауқымды шараның бас ұйымдастырушысы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Медет Харесов баяндама жасады.
- Дәстүрлі марафонға әрісі Ресейден, Астана мен Павлодардан, берісі Атырау, Ақтөбеден қатысуға ниеттілер бар. Жалпы саны, жүз елуден астам желаяқ қатыспақшы, - дейді Медет Болатұлы.

Қонақтарды қарсылап алудан бастап, шығарып салуға дейінгі шаралар және оған жауапты мекемелерге тапсырма беріліп, қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз ету сияқты мәселелер пысықталды.
Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы